«ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ»

«ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ»
«ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ»
Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына – 30 жыл. Конституция – жай ғана қалың кітап емес, Азаттықтың асыл атрибуты. Біз Заң ұғымын тек қылмыс саласымен ғана байланыстырып жатамыз. Шын мәнінде, Заң – біздің күнделікті өміріміз. Ал, осы құндылықтарымызды қорушы құжат - қадірлі конституцияны күн сайын парақтайтын жандар болса – олар, прокурорлар.
Ауданымыздағы заңның тынысы қандай? Бұл туралы Сырым ауданының прокуроры Ершат Қамбетов мырза айтады.
🇰🇿
Сырым ауданының прокуратурасы өз қызметін қадағалау аумағында Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев белгілеген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, Бас және облыс прокуратураларының алқа отырыстарының қорытындысымен берілген тапсырмаларды орындау бағытында жүргізеді.
Бізге қатысты қойылатын негізгі сұрақ көбіне криминогендік ахуал туралы.
​Қылмыстық қудалау саласы бойынша айтар болсақ, Сырым ауданында криминогендік жағдай қалыпты, тіпті тіркелуі 35%-ға төмендеген. Былтырғы есепті мерзімде 35 факті тіркелген болса, биыл 23 оқиға тіркелген. Қылмыстың жекелеген түрлеріне тоқталатын болсақ, алаяқтық, соның ішінде интернет алаяқтық әлі бар. Мал ұрлығы 66%-ға төмендеген. Жол көлік оқиғалары да орын алуда.
​Кейінгі жылдары қылмыстық істерді тергеп – тексерудің үш буынды моделі енгізілді. Бұл модель – полицияның, прокуратураның және соттың емес, ең бірінші халықтың игілігіне қызмет етуде. Себебі, тергеу сатысында айыпталушының құқы ерекше назарда болуы тиіс. Мәселен, прокуратура мақұлдамай, полиция күдікті азаматты тергеу ісінде ресми күдікті тарап қыла алмайды.
Сырым ауданында қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына, сотпен істердің қайтарылуына, тергеу және қадағалау сапасына қатысты жекеше қаулылардың шығарылуына жол берілген жоқ.
​Прокурорлар – мемлекеттік айыптаушылар. Бірақ, біз құзіретімізді бұлдап отырмай, халық үшін қолжетімді, ашық, түсінікті болуға тырысамыз.
Жыл басынан бері біздің кеңсемізге 83 адам жеке қабылдауға келген. Біз оларға прокурор ретінде емес, кеңесші ретінде заңдық кеңестер беріп, жұмыстарының жүйеленуіне жәрдем берудеміз.
Заңмен қорқытпау керек, заңмен қорғау керек.
Сырым ауданының прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша 2 мыңнан аса азаматтардың құқықтарын, оның ішінде 7 жүзден аса азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғады.
​Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 5-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
​Прокурорлық акті негізінде мемлекет пайдасына 4 миллионнан астам әкімшілік айыппұл мен қаржы өндірілді, 38 миллионнан астам теңгеге 5000 астам гектар игерілмеген жер телімі мемлекетке қайтарылды.
​Осы секілді ауданда басшылардың лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану деректері, жұмысқа салғырттық салдарынан мемлекетке миллиондаған шығын әкелген жағдайлар орын алуда. Мердігерлердің міндеттемелерін орындамауы бойынша тексеріс қорытындысымен қылмыстық іс қозғалды.
​Біздің ұсынуымыз бойынша 2025 жылға арналған инватакси қызметі заңнамаға сәйкестендірілді. Қазір инватакси күндізгі және түнгі жұмыс кестесін, демалыс және мереке күндерін қамтиды.
​Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау саласы назардан тыс қалмайды.
​Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде балалармен қылмыс жасау фактілеріне, олармен өз-өзіне қол жұмсау деректеріне жол берілген жоқ.
​Сонымен қатар, қадағалау қызметін атқару барысында ауылдық мектептерде 1-4 сынып оқушылары 1248 бала үшін тамақтандыруды ұйымдастыру барысында әзірлеген перспективалық мәзір санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
​Прокурорлық акті негізінде 71,7 млн теңгеге 9 конкурстың күші жойылып, мәзір санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендірілді.
Бұл жұмыстар - Сырым ауданының прокуратурасындағы қызметтің бір аясы ғана. Біздің негізгі мақсат – заңның үстемдігі. Себебі, заңның үстемдігі – тұрғындардың қауіпсіз әрі табысты тұрмысының кепілі.
Ершат ҚАМБЕТОВ,
Сырым ауданының прокуроры