Бүгін Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Бұлдырты, Аралтөбе ауылдық округтері әкімдерінің лауазымдарына кандидаттары тіркелді.
Аралтөбе ауылдық округі бойынша әкім болуы тіркелген кандидаттар:
1.Ғаниев Асхат Ғаниұлы – 1984 жылы туған, жұмыссыз, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Ерниязова Маншүк Малікқызы – 1982 жылы туған, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Жонысов Ержан Мержанұлы – 1990 жылы туған, Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бұлдырты ауылдық округі бойынша әкім болуға тіркелген кандидаттар:
1. Бисенғалиев Асхат Төлегенұлы – 1989 жылы туған, БҚО кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалында кеңесші менеджер, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
2. Корғанбаева Замира Салауатқызы – 1980 жылы туған, «Сырым аудандық ветеринариялық станциясы» МКҚК-ның Бұлдырты ауылдық ветеринариялық пункт меңгерушісі, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
3. Уалиахметов Нұрлыбек Бекболатұлы – 1997 жылы туған, «Демалыс орталығы» МКҚК қарасты Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің директоры, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Комиссия отырысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қайрат Ишангалиев тіркелген кандидаттардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тәртібі туралы түсіндіріп өтті.
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегі күні Аралтөбе, Бұлдырты ауылдық округтерінің сайлаушылары өз таңдауларын жасап, округ әкімін сайлайтын болады.