БЕРКІНІП САДАҚ АСЫНҒАН…

БЕРКІНІП САДАҚ АСЫНҒАН…
 
5-8 тамыз күндері Орал қаласында өткен “Ақ бидай” облыстық ауыл спорт ойындары өтті. Мақсат - жаппай жүлде тарату емес, халық ішінен спорттың жаңа жұлдыздарын іздеу. Ал, сырымдықтар болса “Ақ бидайда” өз биіктерін абыроймен қорғап қалды.
Дәстүрлі садақ атудан Сырым ауданы командасы жалпыкомандалық есепте күміс жүлдегер атанды.
Команда құрамында:
🥇орын - Мұрат Лұқпанов (“Пұта” нысанасы)
🥇 орын - Сырлыбай Ғалымжанов (“Қалқан” нысанасы)
🥈орын - Гульайым Лұқпанова (“Пұта”және “Қалқан” нысанасы)
🥉орын - Закира Жолсарина (“Орта Азия” нысанасы)
🥉орын - Айтжан Жақсылықов (“Орта Азия” нысанасы)
Мұрат Лұқпанов, Гульайым Лұқпанова, Сырлыбай Ғалымжанов және Закира Жолсарина 2025 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы, Талғар қаласында өтетін “Ақ бидай” ауыл спорты ойындарының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Ақпараттарды ұсынған: “Қайсар” спорт клубы