«ҚАЛАДАН-АУЫЛҒА»
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №8 қаулысына сәйкес, 2024–2026 жылдарға арналған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске асырылуда.
Бағдарламаның мақсаты:
- Ауылдық елді мекендерге қоныс аударуды ынталандыру;
- Халықтың көші-қонын азайту;
- Ауылдық аймақтар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
- Жұмыссыз азаматтар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсету.
Қолдау түрлері:
- Ауылдағы бос тұрған коммуналдық тұрғын үй беріледі;
- Жұмыс орны ұсынылады;
- Балалар мектепке орналастырылады.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
- 100 АЕК-ке дейін (393 200 тг) көтерме жәрдемақы – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында;
- 2000 АЕК-ке дейін (7 864 000 тг) бюджеттік несие – тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін;
- Медицина және фармацевтика мамандарына – 1 000 000–5 000 000 тг аралығында бір реттік төлем.
«Ауылда кәсіп бастаймын» деген жастарға:
- 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант – жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
- 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 тг) – жастарға арналған мемлекеттік грант;
- Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылған.
Сырым ауданыбойынша ұсынылатын елді мекендер:
Жамбыл, Тасқұдық, Қызылағаш, Талдыбұлақ, Көгеріс, Аралтөбе, Көздіғара, Қосарал.
Байланыс:
📞 8 (71134) 31-348, 31-127
📱 8 705 567 5475
📍 Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі