ҚОЙ СОЙЫП, ІШЕК-ҚАРЫН ТАЗАЛАП ЖАРЫСТЫ
Алғабас ауылдық округінде аудандық Демалыс орталығының жастар бөлімі мен «Сырым жастары» ЖҚБ-ның ұйымдастуымен ерекше жоба-“Жастар вайб” өтті. Жастарға арналған бұл шараның мақсаты – қалалық тірліктен алыстап, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігіне бойлап, ұлттық дәстүр мен еңбекке етене жақындау.
Шара барысында жастар қой сою, қыздар арасында ішек-қарын аршу секілді ұлттық кәсіптің қыр-сырын үйренді. Бұл арқылы ауыл шаруашылығының маңызды тұстарын түсініп, ата-баба кәсібіне құрметпен қарау көзделді.
Шараның шымылдығы жастарға арналған тағылымды сөздермен ашылып, алғашқы сөз кезегі ауылдық округ әкімі Өркен Самиғоллаұлына берілді. Одан кейін жастар арасында квест ойындары ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың рухани дамуына серпін беріп, еңбекке баулудың жарқын үлгісі болмақ.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ