НЫСАН ҚИЫН ЕМЕС, БЕЙІМ БОЛУҒА ТИІС

НЫСАН ҚИЫН ЕМЕС, БЕЙІМ БОЛУҒА ТИІС
Сырым ауданындағы әлеуметтік нысандар мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін бейімділігі бойынша тексерілуде.
Нысан келуші халыққа, соның ішінде жүріп - тұруы қиын азаматтарға ыңғайлы болмаққа тиіс. Бірақ, арбамен келген адамға көп жағдайда бірінші кедергі кіреберістен басталады.
Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында арнайы жоспар жасақтады.
Жоспарлы тексеріске 2025 жыл үшін 18 әлеуметтік нысан енгізіліпті. Күні бүгінге оның 5 нысан бейімділігіне қарай зерделенді.
Кеше мониторингтік топ мүшелері - "Amanat" партиясының аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің маманы Дастан Анесов
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа ғимаратында болды. Жалпы көлемі 606,1 шаршы метр ғимарат төтеншеліктер мен өрт сөндіру мамандарының үздіксіз қызметі үшін барлық мүмкіндікті ұсынады. Кең гараждар, кезекші құрамның жатын, жуыну орындары, ас үйі - бәрі де замауани жабдықталған. Олардың физикалық дайындығын шыңдау үшін мердігер мекеме - “Алаш” ЖШС ғимарат ауласына ашық спорт алаңы мен street -workout құрылғыларын орнатқан.
Серіктестік басшысы Исатай Темірбаев ғимараттың құрылысы кезінде барлық талаптар ескерілгенін, мүмкіндігі шектеулі жандарға сай бейімдеу жұмыстары алдағы уақытты толық аяқталатынын айтты.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы