Кешегі аптада Қазталов ауданы, Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында Қатеш қажының 150 жылдығына орай ас берілді.
Ас басында халық балуан күрестіріп, “Кімде - кім түйе балуандар арасында жеңіске жетсе, сыйлығы - түйе болсын!” - депті.
Айтқандай, сырымдық Мерейдің бабы мен бағы қатар келе қалып,алысқанын жығыпты. Уәде - уәде!
Жалпақталдық ағайын Мерейге түйені бұйдасынан ұстатып жіберді. Сүйінші хабарды сол жақтағы ақын бауырымыз Естеміс Мұхамбетов жеткізді. Бәрекелді деп бірлігін байрақ қылған жұлдыздықтардың жомарттығына разы кейіпте қалдық.