Баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясы өтті

Дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын. Депарамент басшысы М.Байсалов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы баспасөз конференциясын өткізді. ✓ Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. ✓ Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.