Мектебі жабылған ауылдың әні алысқа ұзамайды. Міне, осыны түсінген көгерістіктер үй - жайынан бұрын, білім үйінің күйін күйттіп жүргені.
Көгеріс негізгі мектебінің 2000 жылы бітірген түлектері биыл үлкен өмірге түлеп ұшқандарына 25 жыл толғанын тойламақ. Олар да бірінші шаруаны “екінші үйлерінің” жыртығын жамаудан бастапты.
1983 жылы туған құрдастар мектептің ауласын айналдыра 80 метр темір шарбақ орнатты. Ертеңгі соңғы қоңырау салтанатына келген оқушыларды жап - жасыл, сәнді, заманауи шарбақ қарсы алады.
Қазақ “Ер туған жеріне…” - дейді. Біз білсек, ер ауылына дулатып - думандатып кету үшін емес, ұлы армандармен келуі тиіс. Құрдастарыңыз биыл ауылы үшін не істемек?! Ой бөлісіңіз..