ЖАСКЕЛЕҢ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

ЖАСКЕЛЕҢ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
ЖАСКЕЛЕҢ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Сырымдық әнші - композитор Жаскелең Ғайсағалиев ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атанды.
Атақ жерлесімізге өнер саласындағы табысы және ұлт мәдениетін дамытудағы еңбегі үшін берілді.
Жаскелең Ғайсағалиев 1968 жылы Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округінде дүниеге келген.
Музыкаға деген іңкәрлігі бала кезден бері байқалған. Әкесі Орынбасар да дауысы кең диапазонды дарын еді. Ал, ұлы құстың сайрағанынан да, судың аққанынан да музыка естіді. Сол кезде аты дүркіреп тұрған Жымпитыдағы “Ақ қайың” вокалды инструментальді ансамблі Жаскелең сияқты жүрегінің желі бар жастарды эстрадаға еліктіргені және бар. “Сырым елі” газетінің журналисті Шынар Молданиязова:
Жаскелең Ғайсағалиев әскерден келгеннен кейін ауыл клубында көркемдік жетекші болып еңбек етті. Өнерлі жастардың басын қосып “Назқоңыр” ансамблін құрды. 1991 жылы ансамбль аты әйгілі “Тамаша” ойын - сауық отауының телевизиялық - концерттік бағдарламасына қатысты. Республика сарайының сахнасында Жаскелең “Назқоңырдың” сүйемелдеуімен авторлық “Сүйкімді қыз” әнін орындап, сазгер ретінде де тұсауын кесті. - деп жазады.
Сазгерлердің түрі көп. Бірі той әндерін “өндіреді”, бірі қанша туынды жазса да жүректерге жеткізе алмай жатады. Ал Жаскелең қай жағынан да биік. Біріншіден, Ғайсағалиев - туған жерінің аспанын әнмен әсемдеген композитор. Әндерінің өміршеңдігінің сыры осында. Екіншіден, Жаскелеңнің сазын бір тыңдаған адам өмір бойы ыңылдар айтып жүреді.
“Ән махаббат” - оның композитор ретіндегі автографы!
Су жаңа Еңбек сіңірген қайраткер бүгінде Оралдағы Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филормониясында солист болып еңбек етеді.
Марапат Жаскелең Ғайсағалиев
мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында беріліп отыр.
СУРЕТТЕ: Жаскелең туған жері Жымпитыда “Ән - махаббат!” - деп әуелетуде. 2018 жыл
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы