АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

 

СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 12 маусым күні Алғабас ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

 

  1. Илашева Перизат Болатовна – 26.10.1993 ж.т, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жымпиты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды;
  2. Нургалиев Турарбек Нурболатович – 05.08.1985 ж.т, «Сырым» МКҚК директоры, Жымпиты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды;
  3. Уразов Нурымбек Айбекович – 10.05.1994 ж.т, Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Өлеңті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
Дата публикации
12 июня 2026