2025 жылдың мамыр айының 7-сі күні Орал қаласында өткен кезекті матчта «Жайық» футбол клубы өз алаңында «Атырау» командасын 2:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ойын барысында Орал командасы айқын басымдық танытып, қарсыластың қақпасына жауапсыз екі гол соқты.
Гол соққандар:
52’ — автогол (Бекзат Сапарбай, «Атырау»)
57’ — Саламат Гайсиев
Бұл жеңіс «Жайықтың» ұпай қоржынына тағы да 3 ұпай әкелді. Жанкүйерлердің ыстық қолдауы мен ойыншылар арасындағы ұйымшылдық командаға сенімділік пен рух берді.
Матч соңында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов командаға алғыс айтып, алдағы кездесулерде сәттілік тіледі.
Келесі маңызды матч:
13 мамыр
📍 Шымкент қаласы
⚔️ Қарсылас — «Тұран» футбол клубы
Команда бұл ойында да жеңісті мақсат етіп отыр. Барша жанкүйерлерімізді алдағы кездесуде де қолдау көрсетуге шақырамыз!
Жеңіс құтты болсын! Алға, «Жайық»!