Ұлттық рухты ұлықтаған бәйге!

Ұлттық рухты ұлықтаған бәйге!

20 наурызда бастау алған «Бабалар ізімен» облыстық ұлттық спорт лигасы өз мәресіне жетті. Орал қаласында өткен айтулы доданың финалдық кезеңінде тай жарысы мен құнан бәйгесі ұйымдастырылып, үздік шабандоздар анықталды.⚡️

Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту сынды жарыстар да өткізілді 🪀🪢🎯

Салтанатты шараға БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тілеп, ұлттық мұраның маңыздылығын атап өтті ✨

Тай жарысы нәтижелері:
🥇 Аяпбергенов Бақтыгерей (Тасқала ауданы)
🥈 Әміров Нұрқанат (Тайпақ ауылы)
🥉 Ғаббасов Армат (Тайпақ ауылы)

Құнан бәйге нәтижелері:
🥇 Жұмашев Азамат (Тасқала ауданы)
🥈 Құрманғалиев Мадияр (Ақжайық ауданы)
🥉 Шимерден Жантөре (Сырым ауданы)

🏆 «Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 23 мамыр күні өтеді.

#bqo_sport #БабаларІзімен #ҰлттықСпорт