“ЖАЙЫҚ” – ЧЕМПИОН! 27 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТАРИХИ ЖЕҢІС!

“ЖАЙЫҚ” – ЧЕМПИОН! 27 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТАРИХИ ЖЕҢІС!

Орал, 2025 жылғы 3 сәуір – Волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының XXXIII маусымы аясында ерлер арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі аяқталды.

Финалдық кездесулер нәтижесінде “ЖАЙЫҚ” волейбол клубы шешуші ойында Ақтөбе командасын 3:1 есебімен жеңіп, Ұлттық лиганың чемпионы атанды!

Чемпиондық тұғыр:

🥇 “ЖАЙЫҚ” ВК (Батыс Қазақстан облысы)

🥈 “Ақтөбе” ВК (Ақтөбе облысы)

🥉 “Атырау” ВК (Атырау облысы)

Араға 27 жыл салып, “ЖАЙЫҚ” өз тарихындағы чемпиондық атағын қайта жаңғыртты! Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.

Бұл жеңіс – табандылықтың, қажырлы еңбектің және қайсар рухтың жемісі! Команда жанкүйерлердің зор қолдауын сезіне отырып, соңына дейін күресіп, мақсатына жетті.

 

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

 

📞 Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі:

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Айнұр – 8 708 854 55 95