📈 ҮЗДІКТЕР ЕНДІ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛАДЫ

📈 ҮЗДІКТЕР ЕНДІ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2025 жылғы үздіктерді анықтау бойынша ереже жариялады. Ережеге сай жыл қорытындысы бойынша «үздіктер» арнайы бекітілген рейтинг бойынша анықталады. (толық нұсқасын басқарманың ресми сайтынан оқуға болады) Рейтинг балдық жүйе бойынша жасалды. Жеткен жетістік, атқарған жұмыстарға байланысты ұпайлар беріледі.

Ереже «Кеңесші» спорт ардагерлерінің қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жазылды. Өткен жылдардадағы кеткен олқылықтарды болдырмау үшін, жеңіске жеткен спортшылар мен спорттық ұйымдардың еңбегін әділ бағалау мақсатында осындай шешім қабылданды.

Жыл қорытындысын анықтау барысында қосымша комиссия жасақталады. Әрбір номинация бойынша жіті қадағалап, оң шешім шығарады. Және рейтинг қорытындысы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланады.

2025 жылға арналған "жыл қортындысы" бойынша үздіктерді анықтау жөніндегі ЕРЕЖЕ