Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос лауазым - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  бос лауазым - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының  «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  директоры лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

Кәсіпорынның мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 1/2 .

Кәсіпорын қызметінің қысқаша сипаттамасы: оқушының жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау; жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын толық көлемде ұйымдастыру және өткізу; қалалық, облыстық құрама командалар үшін, ҚР құрама командаларының жасөспірімдер, жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві – спортшыларды дайындау; ұлттық және жалпы адамгершілік құндылық, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуына жағдай жасау.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;

      мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;  "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;       педагогика, психология  және физиология негіздері;  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 201,  401 бөлме.

Конкурс Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында өтеді. Анықтама үшін телефон: 8(7112)504617, 504345