«Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ң директоры лауазымын иеленуге конкурс

«Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ң директоры лауазымын иеленуге конкурс

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос лауазым - «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

 

Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылдық округі, Калининское ауылы, Фрунзе көшесі, 37А ғимарат, пошта индексі 090600.

Мемлекеттік мекеме қызметінің қысқаша сипаттамасы: оқушының жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту, спорт түрлерімен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау; жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын толық көлемде ұйымдастыру және өткізу; қалалық, облыстық құрама командалар үшін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жасөспірімдер, жастар және негізгі құрамы үшін спорт резерві – спортшыларды дайындау; ұлттық және жалпы адамгершілік құндылық, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуына жағдай жасау.

Мемлекеттік мекеме директорының лауазымдық міндеттері:

қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;

оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;

барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

«Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы КонституциясыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы; 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы; 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы; 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы; 2009 жылғы 7 желтоқсандағы «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы; 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;           2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы; Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, педагогика, психология және физиология негіздері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Орал қ., Ж.Досмұхамедов көшесі, 45,  311 бөлме.

Конкурс Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында өтеді. Анықтама үшін телефон: 8(7112)504617, 504345