Волейболдан жоғары лига ерлер командалары арасындағы ҚР ХХІХ Чемпионатының қорытынды 5-туры аяқталды

Волейболдан жоғары лига ерлер командалары арасындағы ҚР ХХІХ Чемпионатының қорытынды 5-туры аяқталды

2021 жылдың 25 сәуір күні Орал қаласында волейболдан жоғары лига ерлер командалары арасындағы ҚР ХХІХ Чемпионатының қорытынды 5-туры аяқталды. Жарысқа еліміздің 2 қаласынан (Алматы, Шымкент) және 7 облысынан (Алматы, Ақтөбе, БҚО, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан) үздік волейболшылар қатысты. 5 турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар төмендегідей нәтижеге қол жеткізді: І орын - Ақтөбе (Ақтөбе облысы); ІІ орын - Жайық (БҚО); ІІІ орын - Динамо-Қазығұрт (Шымкент қаласы). БҚО ойыншысы Өтегенов Әлішер 5 турдың үздік ойыншысы деп атанды.