БІРІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

БІРІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Құрметті жерлестер! Біз сізге облыстың спорт өміріндегі таңқаларлық жаңалықтары туралы хабарлауға асығамыз! Бүгін Батыс Қазақстан спортының тарихында бірінші рет «Грация-KZ» волейбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды! Тараздағы жоғары лигадағы әйелдер құрамасы арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатының барлық 5 турында волейболшыларымыз қатысушы командалар арасында жетекші орынға ие бола отырып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ұлттық чемпионаттағы жарқын жеңіс, чемпиондар атағы - бұл команданың алғашқы жеңісті жетістігі. Команданы жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта спорттық шеберлік, сәттіліктер тілейміз !!! Республикалық деңгейдегі жарыстарға команданы дайындағаны үшін жаттықтырушылары Губашева Нурсулу, Губашева Асель, Губашева Айнур, Губашева Айнаға үлкен алғысымызды білдіреміз.