БҚО садақшылары ел чемпионатында топ жарды

БҚО садақшылары ел чемпионатында топ жарды

Атырау қаласындағы дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің үздік мергендері бас қосқан бәсекеде Батыс Қазақстан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Жарыс барысында батысқазақстандық мергендер жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, Мұрат Лұқпанов пута нысанасының 70 метр қашықтығында III орын иеленді.

Ал Рустам Аманғалиев пута нысанасының 70 метр және қалқан нысанасының 50 метр қашықтығында қарсыластарынан озып, қос алтын медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында Әсемгүл Ғалымжанова сәтті өнер көрсетті. Ол Орта Азия нысанасының 40 метр және жамбы нысанасының 30 метр қашықтығында I орын иеленді. Сондай-ақ қалқан нысанасының 50 метр қашықтығында III орынға тұрақтады.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысының мергендері ел чемпионатында шеберліктерін дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың бапкерлерін құттықтаймыз!