
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған өңір спортшылары мен бапкерлерін, сондай-ақ муайтайдан әлем чемпионы Ерлан Шаймардановты қабылдады.
Аймақ басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ел намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміздің жетістігі өңір спорты үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.
🇰🇿 Көшпенділер ойындарына 113 мемлекеттен 3 мыңға жуық өкіл қатысып, Қазақстан құрамасы 74 медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.
БҚО-дан 7 спортшы қатысып, 4 медаль еншіледі:
🥇 Санжар Өмекей — құнан бәйге
🥇 Әсемгүл Ғалымжанова — дәстүрлі садақ ату
🥈 Аружан Ықсан — жамбы ату, мажар стилі
🥉 Еркебұлан Нығмет — самбо
Сонымен қатар муайтайдан U24 әлем чемпионатында Ерлан Шаймарданов 45 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. 🌍🏆
Бұған дейін Әсемгүл Ғалымжанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Санжар Өмекей Президенттің Алғыс хатымен марапатталған болатын.
Кездесу соңында облыс әкімі спортшылар мен бапкерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.
Жеңістеріңіз жалғаса берсін! 👏
—————
#bqo_sport