🚴‍♀️ Оралда Астана күніне арналған көпшілік велошеру өтті!

🚴‍♀️ Оралда Астана күніне арналған көпшілік велошеру өтті!

6 шілде – Астана күні мерекесіне орай Орал қаласында бұқаралық велошеру өтті. 12 шақырымдық велошеруге 300-ден астам қатысушы қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға өз үлестерін қосты.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

🇰🇿Астана күні – елорданың өсіп-өркендеу жолын, елдің бірлігі мен тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін айшықтайтын маңызды мереке. Осыған орай ұйымдастырылған велошеру тұрғындарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, спорт арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

💬 «Мұндай бұқаралық спорттық шаралар тұрғындардың денсаулығын нығайтіп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен белсенді өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал етеді. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!» – деді облыс әкімі.

Велошерудің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, велосипед спортын насихаттау және тұрғындарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру.

🏆Арнайы номинациялар бойынша:
🔹Ең жас қатысушы – Мирасұлы Дәнеш (8 жас);
🔹«Спорттық жанұя» – Ирина Александровна Храмцова отбасы;
🔹 «Спорттық ұжым» – БҚО Полиция департаменті;
🔹 «Қазыналы ақсақал» – Василий Жданов.

Мерекелік велошеру көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеген жарқын шараға айналды.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿✊
6 шілде – Астана күні құтты болсын! 🇰🇿
—————
#bqo_sport