
Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған садақ атудан жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.
Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарынан келген үздік мергендер қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының садақ ату және дартс федерациясының президенті Нұрлан Ақнұров жас спортшыларға сәттілік тілеп, бұл жарыстың жаңа чемпиондарды тәрбиелейтін маңызды алаң екенін атап өтті.
Сондай-ақ өңірде садақ ату спортының дамуына қолдау көрсетіп жүрген «TOPTECAVTO» ЖК директоры Андрей Васильев федерацияның атынан алғыс хатпен марапатталды.
Мәншүк Мәметованың ерлік рухын ұлықтайтын бұл турнир жас мергендерді батылдыққа, табандылыққа және Отанға адал қызмет етуге үндейді. Барлық қатысушыларға дәлдік пен жеңіс тілейміз!✊
—————-
#bqo_sport