
Биыл өңірімізде дәстүрге айналған барлық шақырылым депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, күштік құрылым қызметкерлері, әлеуметтік сала, бұқаралық ақпарат құралдары және мәдениет саласы өкілдері арасындағы «Senat Open» шахмат турнирі үшінші рет ұйымдастырылуда.
Салтанатты ашылу рәсіміне:
🔹 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
Мұрат Мұқаев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов және Қазақстан шахмат федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Марат Қазекенов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты додаға өңір бойынша 200-ден астам қатысушы жиналды.
Айта кетейік, жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Турнир қорытындысы бойынша үздік 35 шахматшы Батыс Қазақстан облысының құрамасына іріктеліп, 6 маусым күні Ақтау қаласында өтетін «Батыс» жартылай финалында бақ сынайды. Ал республикалық финал 27 маусым күні Астана қаласында өтеді.
♟️ Барша қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!