Оралда спорттық самбодан ҚР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы Қазбек Нығметұлы Ибрашевті еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды

Оралда спорттық самбодан ҚР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы Қазбек Нығметұлы Ибрашевті еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды

Додаға 2011–2012 жылдары туған кіші жасөспірім ұлдар мен 2013–2014 жылдары туған қыздар қатысуда. Биылғы турнирдің географиясы кеңейіп, боз кілем бәсекесіне Ресей Федерациясының Тұзтөбе қаласынан, еліміздің Атырау және Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ өңір аудандарынан келген 150-ден астам жас спортшы жиналды.✊

⚜️Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Бақдәулет Сәбитов, облыстық дзюдо федерациясының басшысы Рустам Шайхы, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров және Қазбек Нығметұлының өмірлік жары Алмагүл Болатқызы сонымен қатар спорт ардагерлері мен самбо майталмандары қатысты.

- Қазбек Нығметұлы өңір спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан білікті бапкер, жастарға бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаз болды. Осындай турнирлер жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, өскелең ұрпаққа еңбекқорлық пен патриоттық рухты дәріптейді», – деді басқарма басшысы Бақдәулет Маратұлы.

Ал Алмагүл Болатқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, шын мықты жеңіске деген пікірін білдірді.

Салтанатты шарада самбошы Ерболат Байбатыровқа “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамы орталық кеңсесінің арнайы медалі табысталды. 🎖️

Турнир алдағы күндері тартысты белдесулермен жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
————-
#bqo_sport