Биыл екінші рет ұйымдастырылған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы ересектер арасындағы республикалық садақ атудан турнирі Орал қаласында өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеге еліміздің әр түкпірінен 150-ден астам мерген қатысып, чемпиондық атақ үшін сынға түсті.🏹✊
Жеңімпаздар:
🔹 Ғалымжанова Әсемгүл
•1-орын қалқан нысанасы
•2-орын жамбы нысанасы
🔹 Серіков Эльнара
•3-орын жамбы нысанасы
🔹 Лұкпанов Мұрат
•3 орын қалқан нысанасы
Жалпы командалық есепте:
🥇 Батыс Қазақстан облысы – 1 орын
🥈 Маңғыстау облысы – 2 орын
🥉 Шымкент қаласы – 3 орын
Бұл турнирдің маңыздылығы да ерекше, себебі үздік спортшылар Бішкекте өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады!
Жеңімпаздарды және қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿✊
——————
#bqo_sport #ХиуазДоспанова