Оралда дәстүрлі садақ атудан Хиуаз Доспанова атындағы республикалық турнир басталды

Оралда дәстүрлі садақ атудан Хиуаз Доспанова атындағы республикалық турнир басталды

Оралда дәстүрлі садақ атудан Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы ересектер арасындағы республикалық турнирдің жалауы желбіреді.

🏹Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан бұл бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам мерген жиналды.

Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарының садақшылары екі күн бойы кім мықтыны анықтайды. Ал өңір намысын 50 садақшы қорғап жатыр.


Жарыстың маңызы зор. Өйткені мұнда ұлттық құраманың үздіктері бақ сынасуда. Себебі бұл турнирдің нәтижесінде үздік спортшылар биыл Бішкекте өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама беретін маңызды рейтингтік ұпайларды иеленеді.

Садақшылар жарысының салтанатты ашылу рәсіміне Ұлттық спорт мектебінің директоры Ерболат Байбатыров пен жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары Алмас Салхаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.✊

- Бүгінгі таңда ұлттық спортымыз, соның ішінде дәстүрлі садақ ату өнері жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Хиуаз Доспанова атындағы турнир тек мергендердің шеберлігін шыңдап қана қоймай, жас буынның бойындағы отансүйгіштік рухты оятады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында мұндай додалардың салмағы ерекше. Барша қатысушыларға нысаналарыңыз дәл, жебелеріңіз мүлт кетпесін деген тілек білдіремін,-деді Ерболат Сағатұлы.

Алдағы күндері үздік мергендер анықталатын болады. Нағыз жүйріктерге қолдау көрсетейік!🇰🇿✊
—————
#bqo_sport