
Кездесу барысында облыстағы бокс спортын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, жаттықтырушылар құрамының әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.
Тараптар өңірдегі бокс мектебінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жас спортшыларды қолдау және оларды республикалық, халықаралық жарыстарға жүйелі дайындау бағытында бірлескен жұмысты күшейту жөнінде пікір алмасты.
🔹Сонымен қатар, облыстық бокс федерациясының қызметін жандандыру, бұқаралық спортты дамыту және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Кездесу қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
____
#bqo_sport