Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Ақпанның 20-21-і күндері Оралда тұңғыш рет «ORAL WINTER FEST 2026» – Қысқы спорттық фестивалі өтеді.

2 күн бойы қысқы, ұлттық, заманауи және экстремалды спорт түрлерінен қызықты шаралар ұйымдастырылады.

Фестиваль аясында құсбегіліктен ҚР чемпионаты, тазы жарысы, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, шаңғымен нысана көздеу, мұздағы автодрифт, керлинг және шанамен сырғанау секілді қызықты жарыстар өтеді.

❄️ Бұл күндері қала тұрғындары таңнан кешке дейін жаппай коньки теуіп, биіктен сырғанай алады. Сонымен қатар атпен, шанамен серуендеу мүмкіндігі де болады

‼️Барлық қонақтарға КІРУ ТЕГІН!‼️

✨Ашылу салтанаты 20 ақпан күні, сағат 12:00-де.
📌Өтетін орны: «Нұр-ер» кешені, Жәңгір хан көшесі, 69 б

Келіңіздер, көріңіздер!❄️
Қыстың қызығын бірге көрейік!
—————
#bqo_sport