
Орал қаласында Милан–Кортина қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарына арналған «Winter Race STEPP 2026» көпшілік шаңғы жарысы өтті.
🔹Салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов,
БҚО шаңғы федерациясының президенті Ерікқали Ғұмарұлы және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, барлық спорт сүйер қауымға сәттілік тіледі.
👥 Айтулы жарысқа 300-ден астам қатысушы қатысып, мәреге жеткендердің барлығы медальдармен марапатталды.
🏆ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
🔹 Қыздар арасында (1 км):
🥇 Кудрявцева Ксения
🥈 Құрманғазы Кәусар
🥉 Қанатқызы Айлана
🔹 Ұлдар арасында (1 км):
🥇 Берковский Никита
🥈 Турашев Данила
🥉 Сатыбалды Алдияр
🔹 Әйелдер арасында (2 км):
🥇 Жетібаева Екатерина
🥈 Кереева Лидия
🥉 Губашева Алина
🔹 Ерлер арасында (3 км):
🥇 Батырхан Дәулет
🥈 Бессмертнов Александр
🥉 Козловский Илья
🌟 АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР
❄️«Мұз үстіндегі стиль» — Казанцев Павел (қазақы стильдегі киім үлгі)
❄️«Шаған додасының ақсақалы» — Берсебаев Санат (65 жас)
❄️«Қардағы алғашқы із» — Кудрявцев Сергей (7 жас)
✨ Барлық қатысушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, ал жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің абыройын қорғап, биік жетістіктерге жететін спортшыларымызға сәттілік пен күш-қуат тілейміз!✊❄️💙
————————-
#WinterRaceSTEPP2026 #ҚысқыСпорт #ШаңғыЖарысы #Орал #OlympicSpirit #СалауаттыӨмір