🌐Орал қаласында «QADAM AI» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтті

🌐Орал қаласында «QADAM AI» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтті

Оралда «QADAM AI» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар спорт бағытындағы бағдарламаны қалай дұрыс толтыру керектігі, өтінім беру тәртібі, сондай-ақ тапсыруға қажетті құжаттар тізімі жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Семинар барысында жеке кәсіпкерлер тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, сала мамандары тарапынан нақты әрі толық жауаптар берілді. Бұл семинар қатысушыларға бағдарлама талаптарын терең түсінуге және алдағы уақытта құжаттарды дұрыс рәсімдеуге мүмкіндік берді.
——————-
#bqo_sport