Оралда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті! 🏆

Оралда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті! 🏆
Алты күнге созылған байрақты бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 230-ға жуық жас былғары қолғап шеберлері үздік атануға ұмтылып, тартысты алаңда бақтарын сынады! 🥊
 
Чемпионаттың нәтижесінде облысымыздың жас спортшылары да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, жеңімпаз атанды:
•Ниет Өмірзақов – 46 кг салмақта чемпион атанды! 🥇(Үздік техника аталымы) 
•Сұлтан Мырзағалиев – 49 кг салмақта қола жүлде иеленді! 🥉
 
🏅 Жалпы командалық есепте:
1️⃣ орын – Түркістан облысы
2️⃣ орын – Алматы облысы
3️⃣ орын – Шымкент қаласы
 
Бұдан бөлек, Азия чемпионатына жолдама алған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🌍🏅
 
Алдағы жарыстарда барлық қатысушыларға тек сәттілік, жеңіс және биік шыңдарға жетулерін тілейміз! 💪
——————-
#bqo_sport #Бокс #Чемпионат #Жеңіс