Басқарма басшысы ММА-дан Азия чемпионаттарының жеңімпаздарымен кездесті

Басқарма басшысы ММА-дан Азия чемпионаттарының жеңімпаздарымен кездесті

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов MMA спортынан Азия чемпионаттарының жеңімпаздары Шабдан Самғат, Қайыржанов Руслан, Шинбаев Қадырбек және федерация президенті Алмат Исентаев, сондай-ақ ММА-дан аға жаттықтырушы Қазыбаев Арсланмен кездесті.

🔹Кездесу барысында спортшылар өткен жарыстардағы жетістіктерімен бөлісіп, алдағы мақсаттарға жету үшін бірлесе жұмыс жасайтынын айтты. Басқарма басшысы жеңімпаздарды құттықтап, олардың спорттағы жетістіктері үшін алғыс хат табыстап, болашақта үлкен жеңістер мен биіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.✊

📌“Бұл жеңіс еліміздің спортын жаңа биікке көтеруге зор мүмкіндік береді. Алда талмай еңбек етіп, бірлесе күш салып, үлкен жетістіктерге жететінімізге сеніміміз мол,” – деп атап өтті басқарма басшысы Бақдәулет Сәбитов.

Құттықтаймыз! 🇰🇿
—————————
#bqo_sport #MMA #АзияЧемпионаты