Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортының дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін Нұрмұханов Әскербек Бақытжанұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді!

Әскербек Бақытжанұлы — сурдо дзюдо спорты бойынша ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар чемпиондарды тәрбиелеген білікті маман.✊

1982 жылы 23 ақпанда Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген. 2003 жылы БҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетін тәмамдап, Сырым ауданындағы спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек жолын бастаған.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі жолдан өтіп, 2021–2025 жылдары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Орал қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

📌 Өңірімізде инклюзивті спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін Әскербек Бақытжанұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿
——
#bqo_sport