
Бүгін Хан ордасы ауылының тұрғындары, жалпы спорт сүйер ағайын үшін қуанышты күн. "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде тарихи мекенде халықтың игілігіне пайдалануға арналған "Нарын" спорт кешені ашылды. Жаңа кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мекеме басшылары мен Орда ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен спортшы жастар, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ордалықтардың қуанышын бөлісуге келген облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы - Бүгін облысымыздың ең шалғай ауданындағы саналатын тарихы терең, туристік әлеуеті жоғары Хан ордасы ауылының тұрғындары үшін айтулы да қуанышты күн. Ел игілігі жолында бой көтерген заманауи спорт кешенінің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды», - деген болатын. Жаңа спорт кешені Бөкей ордасы ауданының мақтанышына айналып, талай чемпиондарды тәрбиелейтін құтты мекен болсын!, - деген тілегін айтып, облыс әкімінің сәлемін жеткізді.
Ауданның "Құрметті азаматы ", еңбек ардагері Ахметкерей Салауатов сөз алып, жаңа нысан чемпиондардың ордасына айналсын деген батасын берді.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке кәсіпкер "Абдухатов" өкіліне аудан тұрғындары атынан "Алғыс хат" табыстаса, мердігер су жаңа нысанның кілтін "Орда" спорт клубының директоры Жасұлан Хайрущевке табыс етті.
Спорт кешенінің лентасын облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен спорт ардагері Р.Денгизбаев кесіп, меймандар жаңа спорт нысанмен танысты.