📢 Спорт саласындағы жыл қорытындысы

📢 Спорт саласындағы жыл қорытындысы

Бүгін Орал қаласында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтың қатысуымен 2025 жылдың спорт саласындағы қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Кездесу барысында басқарма басшысы өңірдегі бұқаралық және кәсіби спорттың дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, халықаралық жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінің жаңғыруы, жастар спортындағы серпін және жаттықтырушылардың дайындығы да негізгі тақырыптар қатарында болды.

Бақдәулет Маратұлы 26 желтоқсан күні өтетін «Жыл үздігі – 2025»салтанатты марапаттау кеші жайында да хабарлап, үздік спортшылар мен бапкерлердің еңбегі ескерілетінін атап өтті.
———————
#bqo_sport #баспасөзмәслихаты #Жылқорытындысы #2025 #БҚОспорт