Облыс әкімі спорт саласына оң баға берді

Облыс әкімі спорт саласына оң баға берді

Бүгін облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы өңіріміздегі дене шынықтыру мен спорттың даму жайы, осы саладағы жетістіктер мен проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Жиналысқа халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар, облысымыздың спорт резервін дайындап жүрген жаттықтырушылар мен батысқазақстандық спорттың имиджін қалыптастырған ардақты спорт ардагерлері қатысты.