Оралда Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды

Оралда Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды

Бүгін Орал қаласында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналған жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық тоғызқұмалақ турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

📌 Білім мен логиканы ұштастырған бұл зияткерлік додаға еліміздің 9 өңірінен келген 37 команда, яғни 200-ге жуық спортшы қатысып, үздіктерді анықтауда.

Салтанатты шараға:
- БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов,
- ҚР тоғызқұмалақ федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов,
- БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев,
- Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының м.а. Қуаныш Қабылханов,
- БҚО тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Азамат Бисенов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.🇰🇿✊

🔹 Сондай-ақ тоғызқұмалақты дамытуға қосқан үлесі үшін Жарасхан Сағынбаевқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы төсбелгісі табысталды.

Бұл — өңірімізде ұйымдастырылып отырған 5-ші республикалық турнир.

Барша жас спортшыларға сәттілік пен сәтті ойын тілейміз!
——————
#bqo_sport #тоғызқұмалақ2025 #ҚадырМырзаӘлі90 #ZiyatkerлікDoda