
Бүгін Орал қаласында «Кеңесші» спорт ардагерлері қоғамдық бірлестігінің маңызды басқосу өтті.
Кездесуге «Қазақстан спорт ардагерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елсияр Баймұхамедұлы арнайы қатысып, өңір спорт ардагерлерімен кездесті.
🔹 Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының «Кеңесші» спорт ардагерлері қоғамдық бірлестігі ресми түрде республикалық бірлестік құрамына енгені туралы жарияланды.
🔹 Сонымен қатар, спорт саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ардагерлерге Алғыс хаттар мен мүшелік куәліктер табысталды.
📌 Айта кетейік, бүгінде елімізде 7 аймақтық ұйым жұмыс істеп келеді. Ал «Кеңесші» бірлестігі – 8-ші өңірлік ұйым ретінде тіркеліп, республикалық ардагерлер қауымдастығының толыққанды мүшесіне айналды.
Бұл – өңір спортын дамытуға үлес қосып жүрген ардагерлерге жасалған үлкен құрмет пен қолдау!✊
————
#bqo_sport #СпортАрдагерлері #КеңесшіБҚО #АрдагерлерҰйымы #РҚБ #ҚРСпорты