
Бүгін, Орал қаласына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов іс-сапармен келді. Сапар барысында министр өңірдің спорт қауымдастығымен – спортшылармен, облыстық спорт мектептерінің ұжымымен және жаттықтырушылар құрамымен маңызды кездесу өткізді.
🔹 Күн тәртібінде:
* Бұқаралық спортты дамыту және оның халық арасындағы қолжетімділігін арттыру;
* Спорттық жетістіктерді арттыру және халықаралық ареналарда нәтижелерді жақсарту;
* Жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды жан-жақты қолдау;
* Жастардың спортқа қолжетімділігін кеңейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
📌 Сонымен қатар, алдағы жоспарларға нақты тапсырмалар беріліп, спорт саласындағы реформалар мен даму бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру, өңірлік спорт бағытындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
———————
#bqo_sport #Орал #СпорттыДамыту #ЖастарСпорты