Бүгін Орал қаласында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп, жастар арасында еңбекке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» кең ауқымды облыстық фестиваль өтті.
🏆Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, Венгрияда өткен ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған Иран Оразбековті және күміс жүлдегер Нариман Қайырмановты салтанатты түрде марапаттап, ұлттық нақышта жылқы тарту етті.
🏅 Сонымен қатар, фестиваль аясында спорт саласына сіңірген еңбегімен ерекшеленген жұмысшы қызметкерлерді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов арнайы марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
Барша алғыс хат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!👏🏻
——————————
#bqo_sport
#ЕңбекАдамы
#ЖұмысшыМамандықтар
#Құрмет
#БҚО
#Орал2025
#СпортЖолында