📍 Бүгін Орал қаласында «AUYL SPORT – 2025» ауыл балалары арасындағы өңірлік лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🎯 Бұл жоба – ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету мақсатында өтіп жатыр.
🎉 Ашылу салтанатына БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов пен спорт саласының ардагері Қамбарбек Сәлімов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
🔹 Лига аясында жарыстар 6 спорт түрі бойынша өтуде:
- 🥊 Бокс
- 🤼♂️ Еркін күрес
- 🏀 Баскетбол
- 🏐 Волейбол
- ♟ Шахмат
- 🏓 Үстел теннисі
🏆 Жарысқа Батыс Қазақстан облысының 12 ауданынан: Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан келген жас спортшылар қатысуда.
📅 «AUYL SPORT – 2025» ойындары 5 қазан күні өз мәресіне жетеді.
🚀 Айта кетсек, осы өңірлік лигада жеңіске жеткен жас спортшылар республикалық жарысқа жолдама алады.
Барлық қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілейміз! 💪🇰🇿
————————
#bqo_sport
#АуылСпорты
#AUYLSPORT2025
#БҚО
#ЖасӨркен