Оралда «Ақ бидай – 2025» VIII Республикалық ауыл спорты ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған салтанатты марапаттау кеші өтті.
✨ Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл спортын дамытуға үлес қосқан және республикалық бәсекеде үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға жылы лебізін білдіріп, марапаттады. ✨
⚡️Сондай-ақ, ерлер арасындағы Орталық Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы – «Жайық» волейбол клубы да марапатталып, халықаралық аренада ел мерейін үстем еткені үшін алғыс білдірді.
📊 Айта кетсек, жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы құрамасы 385 ұпаймен жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды. 🥉
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿
—————————
#bqo_sport
#АқБидай2025
#АуылСпорты