Көкпар мен теңге ілу: ұлттық ат спорт түрлерін дамыту мәселелері талқыланды

Көкпар мен теңге ілу: ұлттық ат спорт түрлерін дамыту мәселелері талқыланды

Оралда көкпар және теңге ілу спорт түрлерін дамытуға арналған алқа жиналысы өтті. Басқосуға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысты.

Жиынға ат үстіндегі ұлттық спорт федерациясының өкілдері, аудандық және қалалық спорт мектептерінің басшылары мен жаттықтырушылары да қатысып, көкпар мен теңге ілу спорттарының өңірдегі даму барысы, инфрақұрылым мен спортшыларды даярлау жүйесі, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және ұлттық спортты насихаттау бағыттары кеңінен талқыланды.

🔹 Сонымен қатар, сала мамандары тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Ашық диалог аясында қойылған әрбір сұраққа басқарма басшысы мен мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.

🔹 Алдағы уақытта ұлттық спорт түрлерін жаңа деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
—————————
#bqo_sport #көкпар #теңгеілу #ұлттықспорт