🏆 СҮЙІНШІ! Тарихи жеңіс! Батыс Қазақстан облысы – «Ақбидай–2025» ауыл спорт ойындарының қола жүлдегері! 🥉

🏆 СҮЙІНШІ! Тарихи жеңіс!   Батыс Қазақстан облысы – «Ақбидай–2025» ауыл спорт ойындарының қола жүлдегері! 🥉

Алматы облысында 3000-ға жуық спортшының басын қосқан VIII Республикалық «Ақбидай–2025» ауыл спорт ойындары өз мәресіне жетті.

🏆Байрақты бәсекеде батысқазақстандықтар жарқын деңгейде өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 385 ұпаймен жүлделі ІІІ орынға ие болды. 🥉

⚡ 20 спорт түрі бойынша сынға түскен 200-ге жуық спортшы әр жарыста намысты қолдан бермей, жоғары нәтиже көрсетті.

📌 Айта кетейік, бұдан 4 жыл бұрын өткен ауыл спорт ойындарында Батыс Қазақстан облысы 14-орынға тұрақтаған еді.

🥇I орын - Түркістан облысы (498 ұпай)
🥈ІІ орын - Алматы облысы (428 ұпай)
🥉ІІІ орын - Батыс Қазақстан облысы (385 ұпай)

🇰🇿 Жеңіс құтты болсын, Батыс!
Алға, Батыс Қазақстан облысы! Ауыл спорты жасасын! ✊
——————————
#bqo_sport #Ақбидай2025 #ЖеңісЖолы #АуылСпорты #БатысҚазақстан