2025 жылдың 11 қыркүйегінде Орал қаласында ересектер мен U29 жас санаттары арасындағы садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің III кезеңі салтанатты түрде ашылды.
🌿 Жайық жағасында өткен байрақты бәсекеге еліміздің 3 қаласы мен 7 облысынан 160-қа жуық сұрмерген жиналды. Спортшылар 6 күн бойы классикалық және блоктық садақ ату бағдарламалары бойынша өзара үздіктерді анықтайды.
⚜️ Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сәбитов Бақдәулет пен ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Теміржанов Еділ және садақ атудан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Абдраимова Айнұр қатысып, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
📌 Айта кетейік, дәл осы дода 2023 жылы да Орал қаласында өткен болатын.
🏁 Жарыс 16 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.
Барша мергендерге сәттілік тілейміз! Нысана дәл, жеңіс зор болсын! 🎯
———————
#bqo_sport #СадақАту #ArcheryKazakhstan #ҚРКубогі #Орал2025 #TeamKazakhstan