Оралда көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионаты басталды!

Оралда көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионаты басталды!

📍 Бүгін Орал қаласындағы «Jaiyq Arena» спорт кешенінде көркем гимнастикадан Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты басталды.

✨ Ауқымды сайысқа Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан және Орал қаласынан келген 165-ке жуық жас гимнаст өз шеберліктерін ортаға салып, жекелей және топтық бағдарламада бақ сынауда.

📅Жарыс 7 қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.

Келіңіздер, жас спортшыларға қолдау көрсетейік! 💫
—————
#bqo_sport #көркем_гимнастика #БҚОчемпионаты #JaiyqArena #Орал #спорт2025