Орал өңіріндегі баскетбол спорты 2012 жылдан бастап қарқынды дамып келеді. Осы уақыт ішінде көптеген маңызды жетістіктер мен тарихи сәттер орын алды. 2012 жылы жасөспірімдер арасындағы ҚР балалар чемпионатына қатысқан команда, бүгінгі күні ұлттық аренада үлкен табыстарға жетіп келеді.
🏆2014 жылы БЖСМ-да баскетбол бөлімі ашылып, жас спортшылар кәсіби жаттығуларды бастады. 2016 жылы облыстық баскетбол және баскетбол 3х3 федерациясы құрылып, өңірде баскетболдың дамуына қосымша серпін берді. 2015 жылдан бері БҚО-да баскетбол чемпионаттары тұрақты түрде өткізіліп, бүгінгі таңда өз жалғасын табуда.✊
🏆Ең басты жетістіктерге келетін болсақ:
•2017 жылы 2005 жылы туылған жасөспірімдер командасы ҚР қысқы чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
•2019 жылы баскетбол 3х3 түрінен BQO-ARLANS командасы Шымкент қаласында ҚР чемпионатында топ жарды.
•2021, 2022, 2023 жылдары BQO-ARLANS командасы Шымкент, Түркістан, Орал қалаларында өткен ҚР чемпионаттарында басымдық танытып, чемпион атанды.🏆
•2023 жылы Сейлханов Мансұр Бішкек қаласында өткен CABA Орталық Азия чемпионатында топ жарды.
📌Бұдан бөлек, 2010 жылы туылған Құдайберген Бейбарыс Мәскеу қаласында өткен ВТБ лигасында өнер көрсетіп, ҚР құрама командасына мүше атанды.
•Шамұратов Мейрамбек Иртиш баскетбол клубының сапында өнер көрсетті, ал Сейлханов Мансұр Ақтөбе баскетбол клубының құрамында ҚР Ұлттық Лигасында қатысты.
•Сайлау Мағжан мен Бижан Батырұлан Павлодар қаласындағы Иртиш баскетбол клубының сапында ҚР Жоғары Лигасында ойнап, тәжірибе жинақтады.
🏀 BQO-ARLANS командасы 2022 және 2024 жылдары Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына алғаш рет қатысып, өңір баскетболының жаңа кезеңін бастады.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысында кәсіби баскетбол клубын құру — аймақтың спорттық дамуы үшін маңызды қадам болып отыр. BQO-ARLANS командасының ҚР Жоғары лигасына қатысуы – батыс өңірі баскетболының тарихындағы айтулы жетістік болып саналады.
✊Команданың бас бапкері — жоғары санатты жаттықтырушы Досым Сейлханұлы Куанаев. Қазіргі таңда команда құрамында:
- 1 ҚР спорт шебері,
- 30 спорт шеберлігіне үміткер,
- 6 ҚР ұлттық құрамасының мүшесі бар.
Бұл — команданың кәсіби деңгейін және даму әлеуетін айқын көрсетеді.
Сәттілік тілейміз!✊