Оралда Спорт күні салтанатты түрде аталып өтті

Оралда Спорт күні салтанатты түрде аталып өтті

Бүгін Орал қаласында Спорт күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, спорт саласының ардагерлері мен үздік мамандарын марапаттады.

🎖️ Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен:
- Спорт ардагерлері Қазболат Құрмашев пен Александр Любимкин;
- Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Копылова марапатталды.

💫 Сондай-ақ, аудандық спорт бөлімдерінің жаттықтырушылары, әдіскерлері мен қызметкерлері облыс әкімінің және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

📊 Қазіргі таңда облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысатын азаматтар саны 286 000-ға жетіп, бұл облыс халқының 41,2 пайызын құрайды.

Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймыз! 🇰🇿
————
#bqo_sport