Облыс көлемінде төрт жылда бір рет өткізілетін, ауыл спортының айрықша мерекесіне айналған “Ақ бидай” VIII облыстық ауыл спорты ойындары өз жалауын көтерді.
⚜️Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы қатысып, дүбірлі додаға жол тартқан спортшыларға сәттілік тіледі.✊
🏅 Биылғы ойындарға өңірдің 12 ауданынан жиналған 1104 спортшы 15 спорт түрі бойынша сынға түсуде.
📅 Еске сала кетейік, “Ақ бидай – 2025” ауыл спорты ойындары 9 тамыз күні өз мәресіне жетеді.
⚡️Барша спорт жанашырларын тартысты кездесулер мен жарқын сәттердің куәсі болуға шақырамыз!
⸻
#bqo_sport #АқБидай2025 #АуылСпорты #Орал #ҰлттықМұра #ЖастарЖалын #БҚО #АуылОлимпиадасы